Пеш ақаулығы екі адамның өліміне соқтырды, иіс тиіп уланған екі бала ауруханаға жеткізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 515.25
  • 535.91
-9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Пеш ақаулығы екі адамның өліміне соқтырды, иіс тиіп уланған екі бала ауруханаға жеткізілді

Пеш ақаулығы екі адамның өліміне соқтырды, иіс тиіп уланған екі бала ауруханаға жеткізілді

Петропавл қаласында сәрсенбі күні таңертең ТҚКС-те 9 шаршы метр аумақ отқа оранды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ.

  • 27 Желтоқсан 2012
  • 354
Фото - Caravan.kz

Жалын 2,5 сағаттан кейін ауыздықталды. Онымен күреске ҚР ТЖМ Солтүстік Қазақстан облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 9 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды. Өртті сөндіру кезінде 55 жастағы ер адамның мүрдесі табылды.

Шымкентте табиғи газбен жанатын пеш ақаулығының салдарынан ер адам мен әйел иіс тиіп уланып, оқиға орнында мерт болды, 5 және 8 жасар екі бала ауруханаға жеткізілді.