Петербор суретшілері өз туындыларын Қазақстанның Ұлттық музейіне сыйлады - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
+4 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петербор суретшілері өз туындыларын Қазақстанның Ұлттық музейіне сыйлады

Петербор суретшілері өз туындыларын Қазақстанның Ұлттық музейіне сыйлады

Бүгін белгілі ресейлік суретшілер Латиф Казбеков пен Алексей Талащук өздерінің туындыларын Қазақстан Республикасы Ұлттық музейіне салтанатты түрде тапсырды. 

  • 23 Қаңтар 2015
  • 506
Фото - Caravan.kz

Осы шараға байланысты өткізілген дөңгелек үстел барысында қос суретші Қазақстандық әріптестерне, музей ұжымына алғыстарын айтты.

«Мен өзімнің жұмыстарымды тарихи отанымның ең үлкен музейіне табыстап отырғаным үшін өте бақыттымын. Бізді мұнда өте жақсы қарсы алды, алдымен Алматыда, сосын Астанада үлкен құрметке бөледі. Сіздердің қонақжайлылықтарының өмір бойы есімде қалатын шығар», — дейді Қазақстанда туып-өскен, қазір Санкт-Петербор қазіргі заманғы өнер академиясының мүшесі, атақты суретші Латиф Казбеков.

Сонымен қатар, дөңгелек үстелде Петербург суретшілерінің өнерін Қазақстанда және қазақстандық суретшілердің суретшілердің туындыларын Санкт-Петерборда «Петербургтың еркін суретшілері» қоғамдық бірлестігімен бірлесе отырып көпшілік қауымға тарату, таныту мәселелері талқыланды.

Айта кетейік, шара 2014 жылдың 11 желтоқсанында Ұлттық музейде ашылған жоағарыда аттары аталған екі суретшінің «Біз біргеміз» атты көрмесінің жабылуына орай ұйымдастырылып отыр. Көрмеге Л. Казбековтің табиғи бояуларды қолдана отырып, авторлық қағазды қолдан құю технологиясымен орындалған 30 графикалық туындысы және А. Талащуктың 36 кескіндеме, акварель және эмальды жұмыстары қойылды.


Шара соңында ҚР Ұлттық музейіне Л. Қазбеков өзінің «Қарқынды», «Берік» деген туындыларын, ал А. Талащук «Алтын балықтың өрбуі», «Терезе алдында» атты картиналарын сыйға тартты. 

Перейти к новостям спорта