Жарияланды: 950

Петерборда Олжас Сүлейменовтың шығармашылық кеші өтеді

23 маусымда Петерборда ақын, жазушы, саяси және қоғам қайраткері, дипломат Олжас Сүлейменовтың шығармашылық кеші өтеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Кешті ұйымдастырушылардың хабарлауынша, биыл Олжас Сүлейменовтың 75 жылдық мерейтойы және оның шығармашылық қызметінің 50 жылдығы аталып өтуде. Ақын ретінде Олжас Сүлейменов 1961 жылы «Адамға табын, Жер, енді» поэмасымен жұртшылыққа кеңінен танылды. Ал жазушы ретінде «Аз и Я» кітабымен 70-шы жылдары үлкен пікірталас туғызды. Қоғам қайраткері ретінде Олжас Сүлейменов 80-ші жылдардың аяғында «Невада - Семей» антиядролық қозғалысын құрса, дипломат ретінде Қазақстанның ЮНЕСКО-дағы өкілі болып қызмет етті. Қазір Олжас Сүлейменов Петерборда ЮНЕСКО-ның қамқорлығымен Халықаралық мәдениет орталығын ұйымдастырды, бұл орталықтың бірінші жобасы - Жәңгір хан, император І Николай және 1825 жылғы оқиғалар туралы көлемді тарихи фильм болып отыр. Шығармашылық кештің аясында автордың «Мың бір сөз» кітабының және Халықаралық мәдени орталықтың алғашқы жобасы - «Жәңгір хан» тарихи туындысының таныстырылымы өтеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін