Торонто қор биржасының талаптарына сәйкес және нарықтағы түрлі дақпырттарға түсініктеме берген PetroKazakhstan Inc. компанияның қарапайым акцияларын түгелдей сату туралы ұсыныстар келіп түскенін хабарлайды.
Компания әзірге бұл ұсыныстарды бағалаумен бірге мүдделі жақтардан басқа да ұсыныстар күтуде.
Қазіргі жағдаймен аталмыш келіссөздердің нәтижесінде сауда-саттық жүзеге асады деген уәж айтуға сенім жоқ және оны акционерлерге проблеманың ең таңдаулы шешімі ретінде ұсынуға әлі ерте,- делінген түсініктемеде.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, кеше, 15-тамызда Үндістанның Oil and Natural Gas Corp. (ONGC) компаниясы Канаданың мұнай өндіруші PetroKazakhstan Inc. компаниясын сатып алуға өтініш білдірді.
PetroKazakhstan Inc. компаниясының нарықтық құны шамамен 3,2 млрд. долларды құрайды.
Үндістан өкіметі бұған дейін PetroKazakhstan Inc. компаниясына қатысты кез-келген сауда-саттыққа шектеу қоя алатынын мәлімдеген Қазақстан үкіметі ONGC компаниясының өтінішін қолдайды деп хабарлаған болатын.
2005-жылғы тамыз айының басында PetroKazakhstan Inc. компаниясының директорлары кеңесі компанияны сатып алу жөніндегі ұсыныстарды қарайтын тәуелсіз комитет құрған.
Компания PetroKazakhstan Inc. компаниясымен бірігу немесе оны сатып алуға қатысты көптеген ұсыныстар келіп түскенін жария еткен.
PetroKazakhstan Inc. компаниясын сатып алуға ниет білдірушілердің тізімінде қытайлық және үндістандық компаниялар алдыңғы орында тұр. Қазақстан үкіметі де компанияны сатып алу мүмкіндігін мәлімдеген.
Атап айтсақ, ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі Владимир Школьник 29-маусымда Лондонда өткен баспасөз мәслихатында «Қазақстанның PetroKazakhstan Inc. компаниясының активтерін сатуға шектеу қою құқығы бар», деп мәлімдеді. В.Школьник: «Қазақстан үкіметі PetroKazakhstan Inc. компаниясынан ұсыныс түскен жағдайда компанияны сатып алу мүмкіндіктерін қарастыратын болады»,- деді.
2005-жылдың ІІ тоқсанында PetroKazakhstan Inc. мұнай өндіру көлемін 30 процентке кемітті. Жалпы алғанда 2005-жылдың ІІ тоқсанында PetroKazakhstan Inc. 9,64 млн. баррель мұнай өндірді. Бұл — орта есеппен тәулігіне 105 947 баррель мұнай өндірілді деген сөз. Ал 2004-жылдың ІІ тоқсанында тәулігіне 151 104 баррель мұнай өндірілген.
Компания иелігіндегі кеніштерде газды жағып жіберуге тыйым салу туралы Қазақстанның мемлекеттік мекемелерінің бұйрығына сәйкес мұнай өндіру деңгейін азайту туралы шешім 2005-жылдың 26-сәуірінде қабылданды.
PetroKazakhstan Inc. бүгінде газды пайдалы жарату жөніндегі инвестициялық бағдарламаны ескеру негізінде мұнай өндіру көлемін мәжбүрлі азайту шартын жұмсарту жөнінде Қазақстан үкіметімен келіссөздер жүргізуде. Аталмыш бағдарламаға сәйкес компания газды 2006-жылдың орта шешіне дейін 100 процент пайдалы жаратуға қол жеткізуі тиіс.
Қазір PetroKazakhstan Арысқұм, Қызылқия, Ақшабұлақ, Құмкөл, Құмкөл — Оңтүстік, Оңтүстік Құмкөл, Құмкөл Солтүстік, Майбұлақ, Нұралы, Солтүстік Нұралы және Ақсай кеніштерінде мұнай өндіруде.