PetroKazakhstan компаниясына бюджетке 70 млрд. теңге аудару туралы нұсқама жолдады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
PetroKazakhstan компаниясына бюджетке 70 млрд. теңге аудару туралы нұсқама жолдады

PetroKazakhstan компаниясына бюджетке 70 млрд. теңге аудару туралы нұсқама жолдады

ҚР индустрия және сауда министрлігінің бәсекелестікті қолдау комитеті PetroKazakhstan Oil Products компаниясына монополияға қарсы күрес заңын бұзу арқылы тапқан 70 млрд. теңге көлеміндегі монополиялық пайданы бюджетке қайтару туралы нұсқама жолдады. Бұл туралы бүгін, 17-қазанда Шымкентте өткен баспасөз мәслихатында комитет төрағасы Әлиакпар Матишев мәлім етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 17 Қазан 2005
  • 647
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, бәсекелестікті қорғау комитеті PetroKazakhstan Oil Products тарапынан монополияға қарсы күрес заңын бұзу деректерін тағы да әшкереледі. Атап айтсақ,компанияның анықтағанындай, «өзге тұтынушылар тарапынан сұраныстың бар екеніне қарамастан, бұл компания мұнай өнімдерін небәрі 12 ЖШС желісі арқылы сатып, мұнай өнімдері нарығындағы бәсекелестікті шектеу немесе оны мүлдем жою саясатын жүргізуде». «Осындай әрекеттің арқасында «PetroKazakhstan Oil Products» АҚ 70 млрд. теңге немесе 0,5 млрд. доллар көлемінде монополиялық пайда тапқан»,- деді Ә.Матишев. Оның айтуынша, «аталмыш қаржы мемлекеттік бюджетке аударылмаған жағдайда комитет сотқа шағым түсіреді».

Сонымен бірге комитет төрағасының хабарлауынша, 13-қазанда ҚР Жоғарғы соты монополияға қарсы күрес мекемесінің шағымы бойынша «PetroKazakhstan Oil Products» АҚ-ымен аффилирлік байланыстағы жеті фирманың үстінен монополияға қарасы күрес заңын бұзғаны үшін бюджетке 7 млрд. 400 млн. теңгені аудару туралы шешім шығарды. Фирмалар бұл қаржыны алдын-ала ауыз жаласу арқылы 2003-жылы республика аумағында жанар-жағармайға бірдей баға белгілеу арқылы тапқан деп танылған. Соттың шешімі заңды күшіне енді»,- деді Ә.Матишев.
PetroKazakhstan компаниясы активтерінің CNPC-ге сатылу мүмкіндігі туралы журналистер сауалына жауап берген Ә.Матишев: «өз басым сатып алушылардың орнында болсам, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын компаниямен істес болудан сақтанар едім»,- деді.

Перейти к новостям спорта