PetroKazakhstan Oil Products компаниясының басшылығы Оңтүстік Қазақстан облыстық табиғат қорғау прокуратурасы таққан айыппен келіспейді - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
PetroKazakhstan Oil Products  компаниясының басшылығы Оңтүстік Қазақстан облыстық табиғат қорғау прокуратурасы таққан айыппен келіспейді

PetroKazakhstan Oil Products компаниясының басшылығы Оңтүстік Қазақстан облыстық табиғат қорғау прокуратурасы таққан айыппен келіспейді

PetroKazakhstan Oil Products компаниясының басшылығы Оңтүстік Қазақстан облыстық мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы таққан айыппен келіспейді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне PetroKazakhstan Oil Products ЖШС баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 19 Сәуiр 2005
  • 364
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, қазандықты пайдалануға беру процессі әлі де аяқталған жоқ. PetroKazakhstan Oil Products пен Шымкентте қазандық құрылысын салған құрылыс компаниясы арасындағы қабылдап-өткеру туралы актіге әлі қол қойылған жоқ. Соған сәйкес, қазандық зауыттың балансына енгізілген жоқ. Қазір PetroKazakhstan Oil Products бу қазандығы өндірген буды ғана тұтынып отыр.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Оңтүстік Қазақстан облыстық табиғат қорғау прокуратурасы PetroKazakhstan Oil Products компаниясының басшылығына лицензия алмай кәсіпкерлікпен айналысқаны және аса ірі көлемде пайда тапқаны үшін қылмыстық іс қозғаған. Прокуратураның мәліметі бойынша, PetroKazakhstan Oil Products өз білермендігімен лицензия алмастан дербес бу қазандығын салып, мемлекеттік қабылдап алу жөніндегі актісіз іске қосқан. Жылу шығыратын бу қазандықтары жарылыс қаупі бар нысан болғандықтан, оларды пайдалану арнаулы рұқсат құжаттарын рәсімдеуді талап етеді.

Перейти к новостям спорта