PetroKazakhstan Оңтүстік Қазақстан облысына арнап жанармай жөнелте бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
PetroKazakhstan Оңтүстік Қазақстан облысына арнап жанармай жөнелте бастады

PetroKazakhstan Оңтүстік Қазақстан облысына арнап жанармай жөнелте бастады

"PetroKazakhstan Oil Prodakts" (PKOP)АҚ Оңтүстік Қазақстан облысына арнап жанармай жөнелте бастады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Ислам Әбішев хабарлады.

  • 14 Қазан 2005
  • 395
Фото - Caravan.kz

«Біз PetroKazakhstan Oil Prodakts басшылығымен келісімге келдік. Дәл бүгін Шымкент мұнай өңдеу зауытының таратқыш блогына АИ-80 маркалы 500 тонна, АИ-92 маркалы 500 тонна жанармай мен 1000 тонна дизельдік отын айдалды»,- деді ол.

И.Әбішевтің айтуынша, «Торғау Петролеум» АҚ-ынан жанар-жағармай алушы ретінде нақты 8 оператор айқындалса, «PetroKazakhstan Oil Prodakts» (PKOP)АҚ-ынан жанармай таратушы барлық бекеттердің жанармай алуға мүмкіндігі бар. Ол үшін блокқа келіп ақшасын төлесең жетіп жатыр.
Бөлшек саудагерлер АИ-80 жанармайын 59, АИ-92 жанармайын 69 теңгеге сата алады. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Болат Жылқышиевпен кездесуде жанармай тараттушы бекеттер қауымдастығының мүшелері бағаны 5 проценттен артық қымбаттатпауға уәде берді.

Перейти к новостям спорта