PetroKazakhstan ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігін жеке кәсіпкерлік туралы заңды бұзды деп айыптайды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.45
  • 598.59
+23 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
PetroKazakhstan ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігін жеке кәсіпкерлік туралы заңды бұзды деп айыптайды

PetroKazakhstan ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігін жеке кәсіпкерлік туралы заңды бұзды деп айыптайды

"PetroKazakhstan Inc" ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігін "Жеке кәсіпкерлік туралы" және "Мұнай өнімдері туралы" заңдарды бұзды деп айыптауда. Бұл туралы PetroKazakhstan компаниясының баспасөз қызметі таратқан түсініктемеде айтылған, деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 11 Наурыз 2005
  • 745
Фото - Caravan.kz

2005-жылдың қаңтар айында ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігі «PetroKazakhstan Kumkol Resources» және «PetroKazakhstan Oil Products» компанияларына инспециялық тексеру жүргізген. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, тексеру қорытындысы «ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігі мен PetroKazakhstan арасындағы міндеттемені» бұза отырып, «Асар» партиясының өкілдері мен отандық БАҚ-тарға таратылған. «ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігі аталмыш тексеру қорытындысын жұртшылыққа жария етіп жібергені үшін «Жеке кәсіпкерлік туралы» және «Мұнай өнімдері туралы» заңдардың талабы мен жер қойнауын пайдалану жөніндегі келісім-шарттарының талабына сәйкес заңдық жауапкершілік жүктейді. Министрліктің аталмыш міндеттемесін қаперінен шығаруы біздің таңданысымызды тудырып отыр»,- делінген компания таратқан құжатта.

Сондай-ақ PetroKazakhstan ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігі компания заң бұзды деп айыптайтындай ешбір негіз жоқ деп санайды және тексеру қорытындысына күдік келтіреді.