Петропавл -Астана бағытындағы рейс 15-қаңтарда қайтадан іске қосылады - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 518.99
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавл -Астана бағытындағы рейс 15-қаңтарда қайтадан іске қосылады

Петропавл -Астана бағытындағы рейс 15-қаңтарда қайтадан іске қосылады

Петропавл -Астана бағытындағы рейс 15-қаңтарда қайтадан іске қосылады. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Тайыр Мансұров өзінің аймақ халқына арнаған мәлімдемесіне атап көрсетті.

  • 14 Қаңтар 2004
  • 506
Фото - Caravan.kz

Әкімнің пікірінше, Астанамен арадағы әуе қатынасын қалпына келтіру — бірінші кезекте шешуді талап ететін өзекті мәселелердің бірі. Республикамыздың облыс орталықтарының арасынан жалғыз Петропавл ғана Елордасымен ұшақ қатынасын орната алмай келді. 2002-2003-жылдарда аталмыш екі қала арасында ұшақтар әредік қана ұшты. Т.Мансұров «700 мың тұрғыны бар аймақ халқының қажетті жағдайда Елордасына жалғыз сағат ішінде жету мүмкіндігінен қағылып келуін» жол беруге болмайтын келеңсіздік деп атады.

Әкімнің айтуынша, Ан24 ұшағы жүзеге асыратын Петропавл-Астана рейсі аптасына екі мәрте ұшатын болады. Ал сұраныс артқан жағдайда рейстер саны арттырылуы мүмкін.