Петропавл әуежайын жөндеу жұмыстарына 6 млрд. теңге жұмсалады (ФОТО) - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавл әуежайын жөндеу жұмыстарына 6 млрд. теңге жұмсалады (ФОТО)

Петропавл әуежайын жөндеу жұмыстарына 6 млрд. теңге жұмсалады (ФОТО)

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов Петропавл әуежайын қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысты.

  • 5 Тамыз 2015
  • 412
Фото - Caravan.kz

Жөндеу жұмыстарына республикалық бюджеттен 6 млрд. 400 млн. теңге бөлінген.

Ұшу-қону жолағын қайта жөндеуді астаналық «К-Дорстрой» компаниясы 27 шілдеде бастап кеткен болатын.

«Біз осы жылы жобаға сәйкес ұшу-қону жолағын кеңейтіп, ұзартатын боламыз. Бұған 4 млрд. теңге бөлінді. Бұл тек жол жұмыстары: жолдың бетін фрезерлеу, жөндеу, асфальтбетонмен тегістеу, геосетка, бірполимерлі битум жабындысы және соңғы 10 сантиметрлік қабат. Ал келесі жылы ұшу-қону жолағы 300 метрге ұзарып, 18 метрге кеңейетін болады. Параметрі 60 метрге 2,8 шақырым болады», — деді «К-Дорстрой» АҚ директоры Валерий Лазарев.

Таяу күндері аэровокзалды жөндеу жұмыстары басталады. Одан кейін әуежай халықаралық рейстерді де қабылдайды деп жоспарланып отыр.  

«Әуежай келер жылы тамыз  айында дайын болады. Біз бір жыл ішінде бәрін жасап үлгеруіміз керек. Ұшу-қону жолғанынан басқа біз жолаушылар терминалын жөндеуді де қарастырамыз. Ол да биыл басталады. Тендер қыркүйек айында аяқталады», — деді Ерік Сұлтанов.


null
null
null
null

Соңғы жаңалықтар