Петропавл ауруханасына осында орналасқан әскери бөлімшеде оқ тиіп жарақаттанған әскер жатқызылды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавл ауруханасына осында орналасқан әскери бөлімшеде оқ тиіп жарақаттанған әскер жатқызылды

Петропавл ауруханасына осында орналасқан әскери бөлімшеде оқ тиіп жарақаттанған әскер жатқызылды

17-қарашада тал түсте Петропавл қалалық ауруханасының 3-ші жарақат бөліміне өкшесінен оқ тиіп жарақаттанған Нұрлан Орынғалиев есімді әскер орташа ауыр жағдайда келіп түскен. Ол осындағы 6637 әскери бөлімшеде мерзімді әскери борышын өтеп жүрген. Бұл туралы KZ-today тілшісіне қалалық аурухананың дәрігері Берік Халықов хабарлады.

  • 19 Қараша 2003
  • 585
Фото - Caravan.kz

Науқастың ауру тарихына қарағанда жігіт тікелей қызмет барысында жараланған. Жігіттің айтуынша, ол бөлімшеде белең алған өктемдікке наразылық білдіру үшін өз аяғын өзі атып жіберген.

Әскери бөлімшенің басшылығы қандай да бір түсініктеме беруден үзілді-кесілді бас тартуда. Болған оқиғаның нақты себептері әдетте заң бойынша 10 күн берілетін қызмет бабындағы тексеруден кейін белгілі болмақ. Осыдан 1 жыл бұрын Маңғыстау облысынан аталмыш бөлімшеге әскерге шақырылған 19 жастағы әскердің айтуынша, мұндай көзсіз қадамға ол төтенше ашыну салдарынан барыпты. Сол күні жігіт басқа да өзі секілді әскерлермен бірге күзетке шыққан. Қарауылда тұрған 3 сағаттан кейін байланысқа дер кезінде шыға алмаған. Соның кесірінен оған тағы бір кезекшілік уақытқа қарауылға шығу жазасы жүктеледі. Бұған қарсылық ретінде ол өзіне қол жұмсады.
Б.Халықовтың айтуынша, науқас бүгін орташа ауыр халде. Ол дәрігерлердің бақылауына алынған.

Соңғы жаңалықтар