Жарияланды: 350

Петропавл ауыр машина құрастыру зауытында өрт болды

14 қаңтар күні таңертеңгі сағат 10-да Петропавл қаласында «Петропавл ауыр машина құрастыру зауыты» АҚ-ның төрт қабатты әкімшілік ғимаратының үшінші қабатында орналасқан кабинеттен өрт шықты.

ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарланғандай, өрт сағат 11.05-те сөндірілді. Жалынды ауыздықтауға Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 36 адамы мен 7 техникасы, ҚР ТЖМ «Өрт сөндіруші» АҚ филиалының 5 адамы мен 1 техникасы, «ЮУЖД» ВПК-ның 5 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды. 150 адам қауіпсіз аумаққа көшірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін