Петропавл: Есіл жағасы қоқыстан алғаш рет тазартылуда - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавл: Есіл жағасы  қоқыстан алғаш рет тазартылуда

Петропавл: Есіл жағасы қоқыстан алғаш рет тазартылуда

Петропавлда Есілдің жағасы бірінші рет қоқыстан тазартылып жатыр. Жыл сайын көктемде арнасынан асатын өзен жағалаудағы күл-қоқысты шайып әкететін.

  • 11 Маусым 2011
  • 482
Фото - Caravan.kz

Биыл су көтерілмей, жыл бойы тонналап жиналған тұрмыстық қалдықтар сол күйі шашылып жатты. Су тасыр деп үміт үзбеген жергілікті шенеуніктер күл-қоқысты жинамай,маусымға дейін күтсе керек. Енді амалдың жоқтығынан іске кірісті.  Тазалық шарасына қаладағы 60-тан астам оқу орны мен кәсіпорын қызметкерлері тартылған.    


Қанат Нұрғалиев, №1 кәсіптік лицей оқытушысы
:

-Өзіміз бүлдіреміз,экологияны, сосын«экология, таза ауа керекдепайқай саламыз. Мынадай қоқыстан кейін қандай тазалық болады? Мұның бәрі Есілге ағады, ал Есілден су ішеміз.

Соңғы жаңалықтар