Биыл су көтерілмей, жыл бойы тонналап жиналған тұрмыстық қалдықтар сол күйі шашылып жатты. Су тасыр деп үміт үзбеген жергілікті шенеуніктер күл-қоқысты жинамай,маусымға дейін күтсе керек. Енді амалдың жоқтығынан іске кірісті. Тазалық шарасына қаладағы 60-тан астам оқу орны мен кәсіпорын қызметкерлері тартылған.
Қанат Нұрғалиев, №1 кәсіптік лицей оқытушысы:
-Өзіміз бүлдіреміз,экологияны, сосын«экология, таза ауа керек!» депайқай саламыз. Мынадай қоқыстан кейін қандай тазалық болады? Мұның бәрі Есілге ағады, ал Есілден су ішеміз.