Петропавл: кәріз жүйесін жөндеуге бөлінген қыруар қаржы шенеуніктердің қалтасында кеткен - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавл: кәріз жүйесін жөндеуге бөлінген қыруар қаржы шенеуніктердің қалтасында кеткен

Петропавл: кәріз жүйесін жөндеуге бөлінген қыруар қаржы шенеуніктердің қалтасында кеткен

Қызылжар көшелері қар ерігелі қызыл судан көрінбей қалды. Оның үстіне өңірге жаздың алғашқы үш аптасында жауын-шашынның екі айлық мөлшері түскен.  Ағын су жүретін кәріз жүйесінің дұрыс жұмыс істемеуі салдарынан қала көшелері көл-көсір боп жатыр. Мемлекеттен осы мәселені реттеуге қыруар қаржы да бөлініпті. Бірақ сол ақша діттеген жерге жетпей, қалалық құрылыс бөліміндегі шенеуніктердің қалтасында кеткен.

  • 24 Маусым 2011
  • 506
Фото - Caravan.kz

Петропавл көшелерінің жиегіндегі  көлшіктер қар ерігелі құрғаған емес. Ерте көктемде еріген қар суына жаңбырлы көктем мен жаз қосылды. Маусымның алғашқы үш аптасында-ақ өңірге жауын-шашынның екі айлық мөлшері түсті.  

Ал қалада   жауын суын жинайтын жүйе жұмыс істемейді.   Өткен ғасырдың ортасында қазылған  арықтар қоқыс пен балшықтан  бітеліп қалған. 

Әбіл Ысқақов, Петропавл қаласының тұрғыны:

 — Тіпті қаладан  шығу қиын, етік киіп жұмысқа бара жатырмыз. Бассейннің алды былық, осыны кім қарап, не істеуге болады?

Гүлнәр Қалиева, Петропавл қаласының тұрғыны:

— Мен ойлаймын, осы жерді шенеуніктер көрмейді.Әрине, жұмысына машинамен  барып, машинамен келеді, қайдан көрсін!

Шенеуніктер биыл ғана ағын су құдықтарын тазалауды бастағандарын айтады. Жалпы 200 мың халқы бар Петропавл үшін 100-120 шақырым су ағатын арық қажет екен. Бірақ шаһарға соның 60 шақырымы ғана тартылған. Онда да үштен бірі мүлдем жұмыс істемейді. Қатты нөсер жауған күндері арнайы мекеме қолда бар техникасын жолға шығарады.


Қайрат Файзуллин, «Су тазарту қондырғылары» ЖШС директорының орынбасары:

— «КамАЗ» бар, жабық құбырларды тазалуға шығарамыз, сосын жолдың үстіндегі   жиналған суларды  сорғызып аламыз.

Ағын су құбырларының жобасына бөлінген 6 жарым миллион теңгені жеке пайдасына жаратқан құрылыс бөлімі бастығының орынбасары қазір  қамауда. Ал синоптиктер болса, аймақта биылғы жаз әлі де жауынды болады деп болжап отыр.   

Соңғы жаңалықтар