Петропавл халықаралық әуежайы акцияларының 60 пайызы мемлекетке қайтарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавл халықаралық әуежайы акцияларының 60 пайызы мемлекетке қайтарылды

Петропавл халықаралық әуежайы акцияларының 60 пайызы мемлекетке қайтарылды

Прокуратураның араласуынан және істің сотта қаралуынан кейін «Петропавл қаласының халықаралық әуежайы» АҚ-ның 60 пайыз акциясы мемлекет меншігіне қайтарылды.

  • 10 Қараша 2012
  • 308
Фото - Caravan.kz

Петропавл халықаралық әуежайының тұрақсыз, шығынды жұмысы ұзақ жылдар бойы жалғасып келеді. Ол жекеменшікте болды және акцияларына бірнеше фирма иелік етті. Алайда, келісімшарттық міндеттемелер толық көлемде орындалмай келді.

Прокуратура әуежайдың жұмысына бірнеше рет араласты, әсіресе, иелерінен жалақы бойынша миллиондаған қарыздарды қайтаруға қатысты. СҚО бойынша көлік прокуроры Нұрболат Қатауовтың сөзіне қарағанда, прокуратура кәсіпорынның иелерімен үш жыл соттасып келген, 5 сот процесі мен 1 апелляциялық сот отырысы өтті. Акцияларды қайта тіркеу мәселесі бойынша сот үрдісі Алматыда өтті. Ал акцияларды қайта тіркеу 5 қарашада болды және 22 мың акция мемлекеттің меншігіне қайтарылды.

Осылайша көлік прокуратурасы органдандары облыстық әкімдікпен бірігіп Петропавл халықаралық әуежайы акцияларының 60 пайызын мемлекеттің меншігіне қайтарды.

Соңғы жаңалықтар