Петропавл қалалық соты лауазымдық құқығын асыра пайдаланған, заңсыз қолға түсірген есірткіні сатумен айналысқан деген айыппен ІІМ подполковнигіне үкім шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавл қалалық соты лауазымдық құқығын асыра пайдаланған,  заңсыз қолға түсірген есірткіні сатумен айналысқан деген айыппен ІІМ подполковнигіне үкім шығарды

Петропавл қалалық соты лауазымдық құқығын асыра пайдаланған, заңсыз қолға түсірген есірткіні сатумен айналысқан деген айыппен ІІМ подполковнигіне үкім шығарды

Судья Серікжан Ғабдуллиннің төрағалық етуімен өткен Петропавл қалалық сотының мәжілісі ҚР ІІМ-нің подполковнигі Тұрмағамбет Иманбаевқа үкім шығарды. Ол заңсыз қолға түсірген қару-жарақ пен есірткіні заңсыз тасымалдау, сақтау және сату оқиғалары үшін, сондай-ақ, лауазымдық құқығын асыра пайдаланғандығы, заңды әділеттілік орнатуға қасақана кедергі жасағандығы үшін айыпты деп танылды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Петропавлдан.

  • 8 Тамыз 2003
  • 509
Фото - Caravan.kz

Меншікті тілшінің ақпаратына жүгінсек, ҚР ІІМ-нің есірткі саудасымен күрес жөніндегі департаментінің аға оперативтік уәкілетті өкілі Т.Иманбаевқа қатысты бірінші сот отырысы 2002-жылдың күзінде тағы да Петропавл қалалық сотында өткен.

Прокуратура мәліметіне сүйенсек, 2001-жылдың қыркүйегінде Т.Иманбаев Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданындағы «Зеленый гай» АҚ-ның бас директоры Арвит Дамсты заңсыз қамауға алған. Бұдан соң оның машинасына 5 жауынгерлік оқ, ал қалтасына 6,1г опийді салып жібереді. Сөйтіп сот процессі барысында тергеу Т.Иманбевтың кінәсін дәлелдеп, ол 8 жыл 6 ай мерзіммен бас бостандығынан айрылып, жазаны жалпы тәртіптегі абақтыда өтейтін болды.
Өз кезегінде Т.Иманбаев облыстық соттың қылмыстық коллегиясына апелляциялық арыз береді.Коллегия сот тергеуі толыққанды емес деп тауып сот үкімінің күшін жояды. ҚР Бас прокуратурасы Солтүстік Қазақстан облыстық сотының бұл шешіміне қарсылық білдіріп ҚР Жоғары сотының апелляциялық коллегиясына жолдайды. Қарсылық Жоғары сотта қаралып, жоғарғы инстанция қылмыстық істі Петропавл қалалық сотына қайтадан сот тергеуін өткізуге жіберді.
Нәтижесінде бұл жолы айыптаушының жағына шыққан сот офицерді ҚР Қылмыстық Кодексінің сол баяғы 4 бабы бойынша айыпты деп тапқан. «Жиналған дәйектер бойынша дәлелденгеніндей, Т.Иманбаевтың жалғыз мақсаты А.Дамсты «Зеленый гай» АҚ-ның басшылығынан заңсыз аластау арқылы шаруашылықты басқару тізгінін өз қолына алу болғаны анықталды»,- деді судья С.Ғабдуллин сот үкімін оқу барысында.
Сөйтіп, екінші сот мәжілісі Т.Иманбаевты 7 жылға бас бостандығынан айыру, дүние-мүлкін тәркілеу, 1 жылға мемлекеттік қызметке тағайындалу құқығынан айыру және белгіленген жазаны жалпы тәртіпті түрмеде өтеу туралы үкім шығарды.

Соңғы жаңалықтар