Петропавл қаласының әкімі осындағы медициналық қызметкерлер тапшылығы проблемасын шешуді қолға алмақшы - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавл қаласының әкімі осындағы медициналық қызметкерлер тапшылығы проблемасын шешуді қолға алмақшы

Петропавл қаласының әкімі осындағы медициналық қызметкерлер тапшылығы проблемасын шешуді қолға алмақшы

Петропавл қаласының әкімі Владимир Никандров осындағы медициналық қызметкерлер тапшылығы проблемасын шешуді қолға алмақшы. Қала әкімінің баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлағанындай, әкімшілік төрағасы 26-ақпан, бейсенбіде бұл проблеманы облыстық мәслихаттың депутаттары болып табылатын екі дәрігермен, атап айтсақ, қалалық екінші және облыстық балалар ауруханасының бас дәрігерлерімен кездесуде талқылады.

  • 27 Ақпан 2004
  • 628
Фото - Caravan.kz

Дәрігер-депутаттар кәсіпқой мамандар тапшылығына алаңдаушылық танытты. Олардың айтуынша, қазіргі таңда Петропавл қаласы бойынша 130 дәрігер жетіспей отыр. В.Никандров тұрғын-үймен және алғашқы қаржылай көмек беру жолымен еліміздің медициналық жоғары оқу орындарының түлектерін маман ретінде облысқа тарту арқылы проблеманы шешуге әзірлік танытты. Оның айтуынша, өткен жылы денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне екі пәтер мен бес жатақхана бөлмесі бөлінген.

Қала әкімі өзінің орынбасары Тотыкамал Құлжанова мен қалалық денсаулық сақтау бөлімінің бастығы Таңсықбай Көсемісовқа аталмыш проблеманы шешу шараларының жоспарын жасап, еліміздің медициналық жоғары білім ошақтарында оқып жатқан барлық петропавлдықтардың тізімін жасауды тапсырды. Дипломын алғаннан кейін туған қалаларына оралатын жағдайда оларға оқу мерзімінде қаржылай көмек көрсетілмекші. Сондай-ақ, Петропавл ауруханалары мен емханаларының үздік қызметкерлеріне қала әкімінің грантын тағайындау жөнінде ұсыныстар дайындау, жас мамандар үшін бастапқы ақшалай жәрдемақы көлемін анықтау және оны төлеу тетіктерін нақтылау туралы тапсырма берілді.

Соңғы жаңалықтар