Петропавл: шешесі екі жасар баласын маскүнемдерге тастап кетіпті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавл: шешесі екі жасар баласын маскүнемдерге тастап  кетіпті

Петропавл: шешесі екі жасар баласын маскүнемдерге тастап кетіпті

Петропавлда тасбауыр ана екі жасар баласын ішімдік ішіп отырған бір топ ер азаматтың арасына қалдырып кеткен. Екі күн бойы көпқабатты үйлердің ауласында қараусыз жүрген сәбиді жергілікті тұрғындардың бірі наркологиялық орталыққа әкеліп тастады. 

  • 11 Маусым 2011
  • 486
Фото - Caravan.kz

Баланың тілі де шықпаған. Оны  орталыққа әкелген әйел бүлдіршіннің ата-анасын жақын маңдағы үйлердің тұрғындарынан сұрастырып, өз бетінше іздеуге тырысыпты, бірақ,нәтижесіз. Бүлдіршін облыстық балалар ауруханасына жатқызылды. Дені сау, он екі мүшесі түгел баласын тастап кеткен  әйелді тәртіп сақшылары іздестіруге кірісті. Көрген-білгендердің айтуынша, баланың араққа тойған анасы оны бөтелкелестеріне тастап, беті ауған жаққа кеткен. Үш күн бойы сәби ішімдікке салынған жандармен бірге тұрыпты.


Лариса Данилова, баланы әкелген тұрғын
:

Бір әйел болды,арақ ішіп отырғандардың арасында. Жанында сәбиі бар,жетектеген. Содан соң ол баланы бөтелкелестеріне тастапкетіп қалған. Бала солармен бірге  екі күн жүрді. Кеше маскүнемдербаланы біздің аулаға қалдырып кетіпті.

Соңғы жаңалықтар