Петропавл соты бұрынғы судьяны 5 жылға бас бостандығынан айырды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавл соты бұрынғы судьяны 5 жылға бас бостандығынан айырды

Петропавл соты бұрынғы судьяны 5 жылға бас бостандығынан айырды

Петропавл соты осы соттың бұрынғы судьясы Гүлмира Жолдасованы 5 жылға бас бостандығынан айырып, мүлкін тәркілеу туралы үкім шығарды.

  • 1 Шiлде 2011
  • 367
Фото - Caravan.kz

Үкіммен таныстырған судья Михаил Гусев «Г.Жолдасова алаяқтық жасады деп танылды» деп мәлімдеді.

Экс-судья бес жылға дейін мемлекеттік қызмет атқару құқынан айырылды.
Қылмыстық іс материалдарына сүйенсек, Г.Жолдасова былтыр 12-шілдеде 5 мың доллар көлемінде пара алып жатқан жерде ұсталған болатын. Ол бұл ақшаны жалған кәсіпкерлікпен айналысты деп айыпталған бизнесменнің жазасын жеңілдетіп беру үшін талап еткен көрінеді.
Сонымен қатар, пара алу барысында Г.Жолдасоваға арағайындық жасаған заң кеңсесінің қызметкері де екі жылға түрмеге жабылып, мүлкі тәркіленетін болды.

Соңғы жаңалықтар