Жөндеу цехының ашылуы нәтижесінде Петропавлдық троллейбусшылардың техника жөндеу құны анағұрлық арзандады. Егер бұған дейін Петропавлдықтар үшін Алматыдағы механикалық жөндеу зауытында бір троллейбусты жөндетуге 2 млн. доллар жұмсауға тура келсе, ендігі жерде өз күшімен жөндеу нәтижесінде бұл сан 300-350 мың теңгеге дейін азаюмен бірге бір көлікті жөндеуге бұдан былай бір ай мерзім ғана сарп етіледі. Тәулік бойы режимде жұмыс істейтін жөндеу цехында 40 адам еңбек етуде. Жыл соңына дейін кәсіпорын тағы бір көлікті күрделі жөндеуден өткізуді көздеп отыр.
Сондай-ақ, Н.Петровтың айтуына қарағанда, алдағы уақытта троллейбус паркы тағы да жаңа техникалармен толығады. Кәсіпорын Саратов облысындағы Энгельс қаласы мен Уфа қаласындағы зауыттармен осы жөніндегі келісімге қол қойды. Бір жаңа троллейбус Петропавловск көшелерінде желтоқсан айында пайда болса, екіншісі алдағы жылдың наурызында әкелінеді.
Бүгінде Петропавл троллейбус паркінің балансында 45 троллейбус бар.
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар
23 Сәуiр
Жаңалықтар
23 Сәуiр
Жаңалықтар
23 Сәуiр
Жаңалықтар
23 Сәуiр
Жаңалықтар
23 Сәуiр
Жаңалықтар
23 Сәуiр
Жаңалықтар
23 Сәуiр
Жаңалықтар
23 Сәуiр
Жаңалықтар
23 Сәуiр
Жаңалықтар
23 Сәуiр