Петропавл тұрғыны тәртіп сақшыларынан 1 млн. теңге өндіріп алды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавл тұрғыны тәртіп сақшыларынан 1 млн. теңге өндіріп алды

Петропавл тұрғыны тәртіп сақшыларынан 1 млн. теңге өндіріп алды

Петропавл тұрғыны полициядан 1 млн тг өтемақы өндіріп алды! Есірткі тасымалдады деп айыпталған азамат өзінің бір жыл бойы жазықсыз түрмеде отырғанын осынша ақшаға бағалапты. Ал сот оның талабын қанағаттандырды.

  • 17 Қаңтар 2013
  • 271
Фото - Caravan.kz


Ресейге бет алған Максим Сюсюгинді тәртіп сақшылары пойызда тінтіп, қалтасынан 100 грамм гашиш тапқан. Осы үшін 7 жылға сотталып кеткен болатын. Жігіттің кінәсіз екендігін оның қорғаушысы араға бір жыл салып, облыстық сотта дәлелдеп шықты. Жақсы көрсеткіш қуған тәртіп сақшылары гашишті Максимнің қалтасына білдірмей өздері салыпты. Енді қызметін асыра пайдаланған екі жедел уәкіл мүлдем ішкі істер органдарынан қуылды. Істі жүргізген тергеуші қатаң сөгіс алып, басқа қызметке ауысқан. Ал моральдық шығын ретінде өндіріп алынған бір миллион теңгені жігіт анасын емдеуге жұмсамақ. Ұлының түрмеге түскенін естіген шешесінің денсаулығы күрт нашарлаған екен.