Жарияланды: 310

Петропавл жастары жол апатында мерт болған 10 жасар қызды еске алды

Петропавл жастары осыдан екі ай бұрын жол апатында мерт болған 10 жасар Василиса Горбачеваны еске алу шарасын өткізді. Қарсылық акциясына оқушы қызды қағып кеткен жүргізушінің 2 жарым жыл шартты жазамен құтылуы себеп болған. 

Шараға қала жастары мен жол апатында мерт болған өзге де балалардың туған туыстары жиналды. Алаңға күл талқаны шыққан көліктер де жеткізіліпті. Тұрғындарға жол ережелері жазылған жаднамалар таратылды. Естеріңізге сала кетсек, бесінші сынып оқушысы Василиса Горбачеваны қыркүйек айында көлік қағып, мерт қылған. Ал кінәлі жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен болатын. Кейін құрықталғанымен абақтыда екі ай отырған жігіт шартты жазаға тартылып, бостандыққа шықты. Мерт болған қыздың ата-анасы соттың әділдігіне о бастан ақ күманданған болса керек, үкімді тыңдауға да бармаған. Былтыр да осы Петропавлда 7 жасар қызды қағып мерт қылған тәртіп сақшысы рақымшылыққа ілігіп, жазадан мүлде құтылған еді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін