Петропавлда 115 теңгелік картоп қоймаларда шіріп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 506.21
  • 568.42
+26 °C
Алматы
2025 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлда 115 теңгелік картоп қоймаларда шіріп жатыр

Петропавлда 115 теңгелік картоп қоймаларда шіріп жатыр

Солтүстік Қазақстан облысының орталығында 115 теңгеден сатылуы керек картоптар дүкен сөрелеріне жетпеген

  • 25 Сәуiр
  • 11
ФОТО: Zakon.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

«КТК» арнасының мәліметінше, күз бен қыс бойы қала тұрғындары осы арзан картопты іздеп сабылған. Бірақ, үлкен сұранысқа қарамастан, тұрақтандыру қоры ондаған тонна картопты сатылымға шығармаған.

Тұрақтандыру қорында арзан картоптың шіріп жатқанын естіген қала тұрғындары мен дүкен сатушылары наразылықтарын білдірді. Өз кезегінде, «Солтүстік» ӘКК қызметкерлері неге 115 теңгелік картоп сатылымға шықпағанын түсіндіріп бере алмады.

Бұған дейін Алматыдағы келісі 1300 теңгелік картоп бағасына қатысты уәкілетті басқармалар түсініктеме берген болатын.