Петропавлда 1-сынып оқушысы күрделі математикалық есептерді оңай шешеді (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлда 1-сынып оқушысы күрделі математикалық есептерді оңай шешеді (ВИДЕО)

Петропавлда 1-сынып оқушысы күрделі математикалық есептерді оңай шешеді (ВИДЕО)

Петропавл қаласының 1-сынып оқушысы күрделі математикалық есептерді оп-оңай шеше алады.

  • 5 Қазан 2015
  • 773
Фото - Caravan.kz

Батырхан Сағандықов миллион, миллиардтарды ойша алып-қосып, сағаттарды секундқа айналдырады, деп жазады 24.kz.

Логикалық тапсырмалардың да жауабын жазбай айтады. Батырхан Сағандықовтың есеп-қисапқа деген қабілеті осыдан басталған. Сағатты секундқа айналдырып жүрген бала кейіннен күрделі сандардың да шешімін табады. 7 жасар бала осындай есептерді ойша шешеді. Көбейту-бөлу амалдарын білмесе де, долларды теңгеге аударады. Жауабын да көп күттірмеді. Бір қызығы, Батырхан берілген тапсырманың шешілу жолын түсіндіре алмады. Ата-анасының айтуынша, бала өзімен өзі санай бастаған. Тіпті 4-сыныптың есептерін шемішкеше шағады.

«Осындай есептерді бір минут болмай шешеді. Жауабын дұрыс тапса да, қалай шығарғанын білмейді. Кейде айтады. Бірақ мен түсінбеймін», — дейді Батырханның анасы Динара Сағандықова. 


Соңғы жаңалықтар