Петропавлда 2 жасар баланың ата-анасы іздестіріліп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлда 2 жасар баланың ата-анасы іздестіріліп жатыр

Петропавлда 2 жасар баланың ата-анасы іздестіріліп жатыр

Петропавл ІІБ кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік инспекторлар қаладағы медициналық мекемелердің біріне белгісіз бір әйел әкелген ұл баланың ата-анасын іздестіріп жатыр, деп хабарлайды жұма күні Солтүстік Қазақстан облысының ІІД баспасөз қызметі.

  • 10 Маусым 2011
  • 406
Фото - Caravan.kz

«Бала өзінің атын, неше жаста екенін айта алмайды, тілі әлі шықпаған. Наркологиялық диспансерге оны белгісіз әйел алып келген. Оның айтуынша, ол 2 жастағы баланы ауладан тауып алған. Ата-анасын іздеп еді, таба алмаған», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Учаскелік инспекторлар Маяковский көшесіндегі бала табылған жатақхананың тұрғындарынан сұрастырып көрді. Әйелдер баланың бірнеше күн бойы аулада ересектерсіз жүгіріп жүргенін көргендерін айтқан. Бір әйел анасы баланы танысының үйіне қалдырып кетіп, қайтып оралмағанын жеткізген. Бұл туралы оған баланы наркологиялық диспансердің бөлімшесіне алып келген әйелден белгілі болған.

«Қазір бала облыстық балалар ауруханасына тексеруге орналастырылды. Дәрігерлер баланың денсаулығы жақсы екенін айтып отыр. Ата-анасы табылмаса, толық тексеруден кейін ол балалар үйіне жіберіледі», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Бала табылғалы екі күннен артық уақыт өтті. Алайда полицияға ешкім хабарласпаған.

Соңғы жаңалықтар