Петропавлда 4 жасар қыздың өліміне қатысты қылмыс әшкереленді - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
0 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлда 4 жасар қыздың өліміне қатысты қылмыс әшкереленді

Петропавлда 4 жасар қыздың өліміне қатысты қылмыс әшкереленді

Солтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті мен Петропавл ІІБ-ның қызметкерлері қаладағы жатақханалардың бірінде болған 4 жасар қыздың өліміне қатысты қылмысты әшкереледі. Бұл туралы бүгін, 11-шілдеде Петропавлда өткен баспасөз мәслихатында журналистерді Солтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің төрағасы Ерлан Тұрғынбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 11 Шiлде 2005
  • 522
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 6-шілдеде белгісіз бір қаныпезер жатақхана әжетханасында Таня есімді 4 жасар жауқазын қызды зорлап, 4-қабаттағы терезеден лақтырып жіберген болатын. «Бас сүйегі сынған, беті, мойны мен арқасы зақымданып, жыныс мүшелері жарылып кеткен» деген диагноз қойылып, облыстық балалар ауруханасына жеткізілген қыз реанимация бөлімінде есін жимастан қайтыс болған. Қылмыскер оқиға орнынан із жасырып үлгерді. Қылмыскерді іздестіру шарасына облыстық ішкі істер департаменті мен қалалық ІІБ-ның қызметкерлері жаппай жұмылдырылды.

Күдіктінің фотороботы қаза тапқан қыздың анасының айтуы бойынша жасалды. Әйел зағип болған қызын оқиғадан бірнеше минуттан кейін тауып алған. Қызын жатақханаға көтеріп әкеле жатқан сәтте жатақханадан жүгіріп шыққан жігітті көреді.
Шұғыл қызметкерлер екі тәулік ішінде бүкіл ықшам ауданды шарлап шығып, жүздеген тұрғындардан сұрастырды. 8-шілде күні 26 жастағы Петропавл тұрғыны өз саябағында күдікті ретінде ұсталып, бірден болған істі мойындады.
Қазір күдікті тұтқындалып, уақытша тергеу қапасында отыр. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің «зорлау», «жыныстық сипаттағы жәбірлеу әрекеті» және «кісі өлтіру» жөніндегі баптары бойынша айып тағылды.
Қаныпезер бұған дейін де істі болған. 2003-жылы ол қарақшылығы үшін 3 жылға бас бостандығынан айрылып, 2004-жылғы шілде айында тәртіптілігі үшін шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған екен.

Перейти к новостям спорта