Петропавлда 6 жасар баланы қауып алған иттің иесі Т15 мың айыппұл төлейді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлда 6 жасар баланы қауып алған иттің иесі Т15 мың айыппұл төлейді

Петропавлда 6 жасар баланы қауып алған иттің иесі Т15 мың айыппұл төлейді

Петропавл орталығындағы бір үйдің ауласында стаффордширлік терьер 6 жасар баланы қауып алды, деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облысының (СҚО) ІІД баспасөз қызметі.

  • 8 Маусым 2011
  • 592
Фото - Caravan.kz

«Ит 6 жастағы балаға секіріп, аяғының бұлшық еті мен сіңірін тістеп алған. Қазір бала облыстық балалар ауруханасында жатыр», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Зардап шеккен баланың анасы Нина Усатова оқиғаның өз көз алдында болғанын айтып отыр.

«Мен кір жаюға шыққан едім. Ұлым қасымда жүгіріп жүрген, осы кезде қоршаудың астынан ит атып шығып, балаға секірді. Мен айқайлай бастадым, ұлымды аяғынан тістеген ит қашып кетті», — деді ол.

Бұл кезде иттің иесі қоршаудың артындағы күркеде болған. Оның айтуынша, ол демалып, сыра ішіп отырған, ал терьерді қарағайға байлап қойған. Ит байлауды үзіп, қашып кеткен, ол ит мысыққа қарай жүгірді деп ойлаған. Қоршаудың артында болған оқиға туралы полициядан білген.

Петропавл қ. ІІБ учаскелік инспекторы Әлібек Ғабдуллиннің айтуынша, оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары ауладағы күркеде жатқан ішімдікке мас ер адамды, қасында қарағайға байлаулы тұрған итті көрген.

«Иттің иесі денсаулыққа зиян келтіруге алып келген итті ұстау ережелерін бұзғаны үшін 15 мың теңге көлемінде айыппұл төлеу түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Иесі итті дәрі беріп, өлтіргенін айтып отыр», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Дәрігерлер баланың жағдайын орташа ауыр деп бағалап отыр.

«Ит көп көлемде жұмсақ тіндерді тістеп, жұлып алған. Олардың өз бетімен бітуі екіталай. Сондықтан арнайы операция, тері пластикасы қажет болады», — деп мәлім етті облыстық балалар ауруханасының травмоталогия және ортопедия бөлімінің меңгерушісі Борис Гончаров.

Соңғы жаңалықтар