Жарияланды: 570

Петропавлда әлеуметтік дүкен ашылды

Петропавлда «Аялы алақан» әлеуметтік дүкені ашылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Аз қамсыздандырылған және көп балалы отбасыларға арнап дүкен ашу бастамасын көп балалы аналардың «Аналар» қоғамы көтеріп, оны облыстық іскер әйелдер қауымдастығы мен қала әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырды. «Мұқтаж отбасылар бұл дүкеннен қала тұрғындары әкелген киім, ойыншықтар, тұрмыс заттарын тегін ала алады», - деп мәлім етті «Аналар» қоғамының белсендісі Надежда Майданова. Н.Майданованың айтуынша, Петропавлда аз қамсыздандырылған азаматтарға, көп балалы отбасыларға қолдау білдіргісі келетіндердің саны аз емес. «Дүкен сөрелері санаулы күнде ьолып қалды. Кәсіпкерлер мен ұйымдардың, кәсіпорындардың ұжымдары да қарап қалмады». «СҚО бойынша іскер әйелдер қауымдастығы» ҚБ төрайымы Бақытжан Самиеваның айтуынша, дүкенге көп балалы аналар әлеуметтік қорғау бөлімі берген жолдамамен келеді. Іскер әйелдер қауымдастығы облыстың аудандарында осындай сауда нүктелерінің желісін құруды жоспарлап отыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть