Петропавлда Алля Аят ағымын насихаттап, адам емдегендер ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 469.71
  • 536.17
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлда Алля Аят ағымын насихаттап, адам емдегендер ұсталды

Петропавлда Алля Аят ағымын насихаттап, адам емдегендер ұсталды

Байығың келсе, дін ойлап тап! Петропавлда Алля Аят мистикалық діни ағымын емін-еркін насихаттап жүргендер ұсталды. Жұртты үгіттеп қана қоймай, әйгілі алаяқ Фархат Абдоллаевтың тәсілімен емдейміз деп науқастарды жер жастандырған. Яғни онсыз да өлім ауызындағы азаматтарды күнге телміртіп, тұзды шаймен емдепті. Ал сектант емшінің өзі тек айыппұл төлеумен шектелген.    

  • 3 Қазан 2013
  • 483
Фото - Caravan.kz

Мына кадрларды полицейлер жазда түсірген. Тәртіп сақшылары Алля Аят ағымының мүшелерін қала сыртына шығып, күнге табынып отырған кездерінде әшкерелепті. Ол үшін сақшылар ағымға өз адамын енгізген. Алайда алаңқайға жиналғандар алғашқыда «жай, демалып отырмыз» деп бет бақтырмапты.

На каком основании, за то, что я  на поляне чай пью,  ем.

— Данные свои скажите .

— Не хочу, не буду, я не обязана никому представляться, не обязана!

Өзін Құдай деп жариялаған әйгілі алаяқ Фархат Абдоллаев ағымының белсенділері сырқат жандарды күнге қаратып қойып, тұзды шәймен емдеген.  

Жүзін көрсетуден бас тартқан мына ер адам осыдан аз біраз уақыт бұрын жазылмас дертке шалдыққан. Алайда шипаны дәрігерлерден емес, дәрі-дәрмекті у деп білетін сектанттардан іздепті. 

Алля аят ағымының  табынушысы:

— Менің түйгенім, Фархат ата дегенің Құдай емес, барып тұрған алаяқ. Оларға сеніп, ауруымды асқындырып алдым. Маған дәрі ішпе, күнге табын, тұзбен шай іш, сосын өздері шығаратын журналды жастанып жат деді.  

Қазақстанда 2008 жылы тыйым салынған «Алля аят» ағымының әлемге қанат жайғаны сонша, оның табынушылары қазір алыс жақын шет елдерде де тұрады. Қызылжар өңіріндегі Әлия есімді белсенді емшісі медициналық білімі болмаса да, осы тәсілімен адам емдегені үшін жауапқа тартылды. 


Бауыржан Мұсақұлов, СҚО ІІД экстремизмге қарсы күрес басқармасының жедел уәкілі:

Петропавл қаласында 1964 жылғы азаматша ұсталды. ол Солтүстік Қазақстан облысының аумағында «Алла аят» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырушысы Фархат ата дәстүрлі емес емделу әдісімен айналысқан.

Жауапқа тартылды деп ауыз толтырып айтқанымызбен, жалған-емші тек болмашы айыппұлмен құтылған. Жалпы соңғы бір жыл ішінде Солтүстік Қазақстан облысында ғана «Алля Аят» әдісі бойынша емделген екі адамның өліпті. Қант диабетімен ауырған науқас алаяқтарға сеніп, инсулиннен бас тартқан. Ал оның қатерлі ісікке шалдыққан қауымдасы да жарты жыл бойы тұз қосқан шай ішіп, ақыры бақилық болыпты.