Петропавлда асфальт опырылып, екі көлік жер астына түсіп кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлда асфальт опырылып, екі көлік жер астына түсіп кетті

Петропавлда асфальт опырылып, екі көлік жер астына түсіп кетті

Петропавлда асфальт опырылып, екі көлік жер астына түсіп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

  • 5 Қазан 2017
  • 271
Фото - Caravan.kz

Оқиға Мир мен Крепостная көшелерінің қиылысында болған. Қала әкімдігінің өкілдері оқиға орнында жылу жолы жарылғанын хабарлады. 

"Мир мен Крепостная көшелерінің қиылысында жерасты жылу жолы жарылып, оның салдарынан топырақ опырылған. Опырылған жерге көлік түсіп кетті. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ", — деп хабарлады Петропавл әкімдігінің өкілдері. 

Полицияның мәліметінше, жол ортасында жер астына екі көлік түсіп кеткен. "Бір көлік өз бетімен шыға алды, екіншісі арнайы техниканың көмегімен көтерілді. Ешкім қаза таппады. Қалалық ІІБ ЖПҚ қызметкерлері оқиға орнын қоршауға алды, жол қозғалысын реттеді", — деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД өкілдері.

Оқиға орнында "Петропавл жылу желілері" ЖШС мамандары апат-жөндеу жұмыстарын жүргізді. Ал үйлерді ужылумен қамту шұғыл түрде басқа жылу магистраліне ауыстырылған.  


Әлеуметтік желілерде таралып жатқан видеоның кадрларында жер астына түсіп кеткен көліктің жүргізушісіне куәгерлердің көмектесіп жатқанын көруге болады.
 

Соңғы жаңалықтар