Петропавлда балабақшада коронавирус анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлда балабақшада коронавирус анықталды

Петропавлда балабақшада коронавирус анықталды

Петропавлда балабақша 14 күнге карантинге жабылды. Үш жасар баладан COVID-19 анықталған.

  • 9 Маусым 2020
  • 21
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Орталық коммуникациялар брифингінде белгілі болды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

"Байланыста болған адамдар анықталды. 23 жақын адам анықталды, бір топтан 18 адамнан анықталды. 13 адам — сол балабақшаның қызметкері. Барлығынан сараптама алынды. Коронавирустың алдын алу мақсатында балабақша қызметі уақытша 14 күнге тоқтатылды", — деді Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Әсет Жұматаев.

Оның айтуынша, 3 жасар бала коронавирус жұқтырған ересек адаммен байланыста болған. Ер адам 25-30 мамыр аралығында Солтүстік Қазақстан облысынан басқа аумаққа барған. Қалаға келген соң өзін нашар сезініп, дене қызуы жоғарылаған. Сараптама коронавирус барын көрсеткен.


Соңғы жаңалықтар