Петропавлда баланың цирк әткеншегінен құлауына адами фактор себеп болған - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлда баланың цирк әткеншегінен құлауына адами фактор себеп болған

Петропавлда баланың цирк әткеншегінен құлауына адами фактор себеп болған

Петропавлда баланың чехиялық цирктің әткеншегінен құлауына адами фактор себеп болған, деп хабарлайды СҚО ІІД баспасөз қызметі.

  • 15 Шiлде 2011
  • 458
Фото - Caravan.kz

«Баланың әткеншектен құлауына адами фактор себеп болды деуге негіз бар. Цирктің жұмыскерлері әткеншекті дұрыс бекітпеуі мүмкін», — деп хабарлады бейсенбі күні баспасөз қызметінің өкілдері.

Жарақат алған баланың ата-анасы полицияға шапито-циркінің басшылығын жауапқа тарту туралы арыз жазған. Алайда баспасөз қызметі қылмыстық іс қозғау туралы шешім әлі қабылданбағанын хабарлап отыр.

«Шешім қабылдау үшін зардап шеккен балаға сот-медициналық сараптама жүргізу керек. Бірақ оның алған жарақаттарының ауырлығы емдеу курсы біткен соң ғана анықталады», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Цирктің қажет лицензиялары мен құжаттары бар. Барлық жабдықтары да талаптарға сәйкес келеді, дейді полиция.

Өткен аптада 8 жасар қыз бала чехиялық шапито-циркінің көрсетілімі кезінде әткеншектен екі метр биіктіктен құлап, омыртқасынан ауыр жарақат алған болатын.

Соңғы жаңалықтар