Петропавлда баласын туған анасы мен өгей әкесі тұншықтырып, кемпірауызбен қинаған - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлда баласын туған анасы мен өгей әкесі тұншықтырып, кемпірауызбен қинаған

Петропавлда баласын туған анасы мен өгей әкесі тұншықтырып, кемпірауызбен қинаған

СҚО-да 6 жастағы балаға аяусыздық танытқан анасы мен оның өгей әкесі күдікке ілінді.

  • 11 Желтоқсан 2019
  • 19
Фото - Caravan.kz

Келіп түскен ақпарат бойынша, жеткіншекке қарсы кемпірауыз, сым желі қолданылып, қатыгез ата-ана оны тұншықтырған көрінеді. Бұған қоса оны жазалауға арналған таяқ үй дәретханасында сақталған. 

Жарақат алған бала жергілікті аурухананың жансақтау бөліміне жеткізіліпті. Алайда артынша оның анасы келіп, баланы үйге әкеткен. Бұл жағдайға полицейлер араласып, баланы қайтадан ем қабылдау мекемесіне жатқызды. 

Баланың әжесі Еленаның айтуынша, жеткіншектің өгей әкесі оны тұншықтырып, басынан орындықпен ұрған да екен, тіпті байқұс баланың басын керегеге соққан. Сонымен қатар кейуана немересінің басы мен денесі көк ала қойдай көгеріп, үстіндегі күйікті көріп шошынғанын жеткізді. 

Айтуынша, немерісіне қарсы кемпірауыз да пайдаланылған. Салдарынан бала күдіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылған. 


Жеткіншектің туған әкесі баласы болған жайт туралы оған хабарлап отырғанын айтты. Баласы оны сым желі қылқындырғанын және оны ұрып-соғатын таяқтың бар екендігін жеткізіпті.

Бала бұған дейін эпилепсияға шалдыққан, алайда өз үйінде көрген қорлықтардан соң оны халі мүлдем нашарлап кетіпті. 

Анасы баланың тегін өзгертіп тастағандықтан, оның мектепке қатынауына байланысты қиын жағдайлар туыпты. 

Соңғы жаңалықтар