Жарияланды: 500

Петропавлда бес қабатты үйдегі пәтерлердің бірінде газ жарылды

Петропавлда бес қабатты үйдегі пәтерлердің бірінде газ жарылды,

деп хабарлайды СҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. Түн ортасына таман облыстық ІІД Жедел басқару орталығына қала ортасындағы бес қабатты үйдің бірінші қабатындағы бір бөлмелі пәтерде газ жарылды деген ақпарат келіп түседі. Телефон шалушы адам өзін көрші үйдің тұрғынымын деп таныстырған. Айтылған мекен-жай бойынша полиция қызметкерлері, төтенше жағдайлар және жедел жәрдем қызметкерлері келіп жетеді. Үй аумағы қоршауға алынды. Жарылыс болған жерді қараған полиция қызметкерлері пәтердің бөлмеаралық қабырғаларына зақым келгенін көреді. Содан кейін полиция сол пәтерде тұратын ер адамды ұстайды. Ол үйдің маңында жүрген. Сұрау кезінде 39 жастағы Петропавл тұрғыны бұл пәтерді бұдан бірнеше күн бұрын пәтерді жалға беруші агенттіктен жалға алғанын айтады. Жарылысқа қатысты ер адамның берген түсінігіне жүгінсек, жарылыс болардан бір сағат бұрын оның үйіне өзі жақсы танымайтын үш жігіт келіп, есірткі қабылдау үшін ас үйге өткізуді сұраған. Содан кейін ас үйде жарылыс болады. Алайда полиция келіп жеткенде үйде аталған жігіттер болмаған. Қазір тәртіп сақшылары аталған үш жігітті іздеп, қолға түсіру шараларына кірісті, қажетті барлық сараптамалар тағайындалды. Жарылыс салдарынан зардап шеккендер жоқ. Осы факт бойынша тергеу жүріп жатыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін