Жарияланды: 430

Петропавлда бір келі картоптың бағасы 240 теңгеге жетті

Петропавлда  бір келі картоптың бағасы 240 теңгеге жетті. Мұндай баға аймақта бұрын-соңды тіркелмеген. Кезінде қабымен алатын өнімді  енді тұрғындар түйірлеп сатып алып, санап жеуге мәжбүр. Ал сатушылар картоптың көтерме бағасы қымбат деп шағымдануда.

Гүлнәр Құдабаева, сатушы:

- Соңғы рет сатып алған кезде 180-200 тг болған. Тіпті бір рет 220 болғаны да рас.  Біздің ол бағаға еш әсеріміз жоқ. Сондықтан картоптың бағасы қымбат.

Қаратүйнек өсіретін өңірде өткен жылғы қуаңшылықтың салдарынын өнім аз шықты. Өздерінде таусылған картопты қызылжарлықтар енді оңтүстіктен сатып алып жатыр. Бірақ Шымкентте келісі 120 теңге тұратын картоптың құны Петропавл базарына жеткенше екі есе қымбаттайды екен. Картопты өңір саналатын  аймақ  үшін бұл рекордтық  баға. Сөрелердегі көлемі орташа ғана картоптың екі-үш талы 50-55 теңге тұрады. Бұл - Қызылжардағы бір бөлке нанның құны.

Мұратбек Бектемісов, зейнеткер:

- Сорпаға үш түйір картопты санап салып отырмыз, күнде 240 теңгеге ала бермейміз ғой.         

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін