Петропавлда бір топ жастар полициямен шекісіп қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлда бір топ жастар полициямен шекісіп қалды

Петропавлда бір топ жастар полициямен шекісіп қалды

Петропавлда шолғыншы полиция батальонының полицейлері тәртіп сақшыларына қарсы күш жұмсағандары үшін төрт жас жігітті ұстады.

  • 20 Маусым 2011
  • 505
Фото - Caravan.kz

Әлгі жас бұзақылар өздерін ұстамақ болған тәртіп сақшыларына қарсылық көрсеткен, деп хабарлады облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.

Жексенбі күні, кешкі сағат 10-дарда «Шығыс жағалау» дәмханасы ауданын шолып жүрген «Сұңқар» батальонының экипажы ішімдікке сылқия тойып алған бір топ жас жігіттерді байқайды. Құжаттарын көрсету және тексеру үшін қызмет автокөлігіне отыру туралы полиция қызметкерлерінің талаптарына әлгілер қарсылық білдіріп, олармен төбелеседі. Полицейлер қосымша күш шақырып үлгереді де, жол полициясы мен мамандандырылған күзет қызметі басқармасының экипаждары келген соң, барлығы бірігіп төрт бұзақыны ұстайды.

Шабуылдың нәтижесінде полиция қызметкерлері — аға сержант пен старшина жарақаттар алған, сондай-ақ әлгі бұзақылар «УАЗ» қызмет көлігін зақымдаған.

Ұсталғандардың жауаптарынан мәлім болғандай, олар сол күні Есілдің жағасында спирттік ішімдік ішкен. Біраз қызыап алған олар «тойды» жалғастыру үшін қалаға бет алған, ал жолда полиция қызметкерлерін кездестірген. Бұзақылар мас болып, естерін білмегендіктен, осындай оқиға орын алғанын айтып ақталуда.

Ұсталғандардың ең жасы — 19-да, ересегі — 25 жаста. Олар қазір қамауда отыр. Төбелеске қатысқан, бірақ кәмелетке толмаған тағы екі бозбала ата-аналарының қолхатымен үйлеріне босатылды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 321-бабына сәйкес (билік өкіліне қол жұмсау) тергеу амалы жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар