Петропавлда бірінші сортты нан бағасы арзандайтын болды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлда бірінші сортты нан бағасы арзандайтын болды

Петропавлда бірінші сортты нан бағасы арзандайтын болды

30-қаңтардан бастап "Петропавл нан-тоқаш өнімдері комбинаты" ААҚ-ның фирмалық дүкендерінде бірінші сортты ұннан жасалған нанның бағасы 29-дан 27 теңгеге дейін арзандатылады. Нан-тоқаш өнімдеріне баға белгілеу мәселесіне орай Солтүстік Қазақстан облыстық әкімшілігінде өткен кеңесте осындай шешім қабылданды.

  • 29 Қаңтар 2004
  • 565
Фото - Caravan.kz

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Тайыр Мансұровтың айтуынша, нан бағасын арзандату қажеттілігі қала тұрғындарының арыз-шағымдарына байланысты туындап отыр. Олар 2003-жылдың желтоқсан айынан бері бірінші сортты нан бағасы бір емес, екі мәрте қымбаттап, 1-қаңтардан бері 29 теңгеге жеткеніне наразылық білдіреді.

Кеңеске облыстық табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментінің директоры Олег Пономарев, Петропавл қаласының әкімі Владимир Никандров, «Петропавл нан-тоқаш өнімдері комбинаты» ААҚ-ның басқармалары төрағасы Нұрлан Шахмановтар қатысты.
Кеңес соңында журналистерге арнаған мәлімдемесінде Солтүстік Қазақстан облысының әкімі бас қосуда нан бағасын арзандатуға мүмкіндік беретін бірқатар шешімдер қабылданғанына сендірді. Атап айтсақ, кәсіпорынды тиімді бағамен астықпен қамтамасыз ету тұрғысында «Азық-түлік келісім-шарты корпорациясы» ЖАҚ-мен арадағы мәселе реттелді. Сондай-ақ, жуырда қаладағы барлық ірі кәсіпорындарда «Петропавл нан-тоқаш өнімдері комбинаты» ААҚ-ның фирмалық дүкендері ашылады. Қазір олардың саны небәрі 12 ғана.

Соңғы жаңалықтар