Петропавлда дүкен тонауға келген қарақшы сатушыдан «таяқ жеді» - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлда дүкен тонауға келген қарақшы сатушыдан «таяқ жеді»

Петропавлда дүкен тонауға келген қарақшы сатушыдан «таяқ жеді»

Петропавл қаласының дүкендерінің біріне шабуыл жасаған ер адам сатушы әйелден «таяқ жеді», деп хабарлайды «ҚазАқпарат&

  • 17 Қараша 2017
  • 273
Фото - Caravan.kz

Петропавл қаласының дүкендерінің біріне шабуыл жасаған ер адам сатушы әйелден «таяқ жеді», деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі СҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жабылуына аз ғана уақыт қалған Петропавл қаласындағы дүкендердің біріне мас болған ер адам баса көктеп кіріп, касаны ақтара бастайды. Бұған ашуланған сатушы әйел оған жақындай бергенде ер адам қалтасынан пышақ алып шығып, ақша талап еткен. «Қарақшының сорына қарай, дүкен сатушысы ер мінезді әйел болып шықты. Сатушы «шақырылмаған қонақтың» мастығын пайдаланып, пышағын тартып алып, дүкеннен қуып шыққан. Қапелімде не болғанын түсінбей қалған ер адам «екі жүз теңге берсеңші» деген. Дегенмен әйел есікті тарс жауып, дабыл батырмасын басып жіберген», — делінген хабарламада. Арада үш жарым минут уақыт өтер-өтпестен күзет агенттігінің қызметкеткерлері күдіктіні ұстап алып, полицияға тапсырған. Ұсталған 57 жастағы Петропавл тұрғыны түрмеден жуықта ғана шыққан, 7 рет сотталған адам болып шықты. Бұл жолы ол ҚР ҚК-нің 192-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады. Облыстық құзырлы ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, Солтүстік Қазақстанда күзет қызметтерінің арқасында жыл басынан бері 43 қылмыстық істің беті ашылған.