Канализациялық құбырларды тарту үшін экскаватормен 4 метрлік ор қазылған. Жігіттер осы ордың түбінде отырған кезде арықтың жиектері күтпеген жерден опырылып түскен. Әлгі отбасының көршілері құтқарушы-өрт сөндірушілерді шақырып, олар келгенге дейін зардап шеккендердің біреуін топырақтың астынан шығарып алыпты. Ал екіншісі 20-минуттай уақыт бойы 70 см-лік топырақ астында қалған. Н.Попованың айтуына қарағанда жігіттің топырақ астында құламай қалуы нәтижесінде құтқарушылар тез арада оттегіне жол ашып, оны тірі құтқаруға септігін тигізді. Екі жігіт те айтарлықтай қатты зардап шеккен жоқ. Жедел жәрдем машинасы оларды ауруханаға жеткізді. Қазір олардың денсаулығына ешбір қауіп төніп тұрған жоқ.
Құтқарушылардың айтуынша, оқыс оқиғаға қауіпсіздік талаптарын бұзу әсер еткен.