Жарияланды: 350

Петропавлда елді телефон арқылы сан соқтырған алаяқтар іздестірілуде

Петропавлда «қатерлі ісік дертіне шалдыққан балаларға ақша жинап жатырмыз» деп тұрғындарды телефон арқылы алдап жүрген алаяқ  іздестіріліп жатыр. Олардың құрығына түскен бір тұрғын 40 мың теңгесінен айырылған. Оны күдіктілер «бұл шара «Бөбек» қорының 15 жылдығына орайластырып ұйымдастырылды» деп сан соқтырды.

Алданған әйелдің ұялы телефонына алғашқыда жалпы сомасы 360 мың теңге болатын қымбат сыйлық ұтып алғаны туралы смс келген. Артынша хабарласқан жігіт әйелге сыйлықтарды алу үшін 40 мың теңгеге телефон карталарын сатып алу керек деп түсіндіріпті. «Бұл ақша лейкемия дертіне шалдыққан балаларды емдеуге қажет» деп сендірген. Ақшасының осындай қайырымды іске жұмсалатынына риза болған әйел алаяқ берген телефон нөмірлеріне 40 мың теңге салған. Қазір тәртіп сақшылары арам пиғылдарын жүзеге асыру үшін балалар қорының атын жамылған күдіктілерді іздестіріп  жатыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін