Жарияланды: 70

Петропавлда ер адам 4 миллион теңге салынған пакетті ұрлап кетті

Петропавлда ер адам 4 миллион теңге салынған пакетті ұрлап кетті Сурет - Tengrinews.kz

Петропавлда 34 жастағы ер адам әйелдің 4 миллион теңге салынған пакетін ұрлап кетті

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Оқыс оқиға қаладағы сауда үйлерінің бірінде болды. Күдіктінің айтуынша, ол бұл істі жоспарламаған. Ер адам көп ақшаны көргенде шыдай алмай кеткен.

"Мен мас едім. Алдымен қыз өтіп бара жатты. Оның пакетінде ақша толы еді. Көз алдымда бір бума ақша алдыма құлады. Осы сәтте ақылымнан алжастым. Мен оның қолынан пакетті жұлып алып, қашып кеттім", - дейді күдікті.

Ақшаның иесі оның артынан жүгіре жөнеліпті. 

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің мәліметінше, әйелдің көмекке шақырған даусын патрульдік полиция қызметі естіпті. Олар күдіктінің артынан қуған. Ер адам пакетті лақтыра салған. Оның ішінде 4 миллионнан астам теңге болған.

"Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы, 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі таңда 34 жастағы петропавлдық уақытша тергеу изоляторына қамауға алынды", - дейді Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің қызметкерлері.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін