ІІД-нің мәліметіне сәйкес, тәртіп сақшылары бес адамнан 170 килограмм марихуана тәркіледі.
Тәртіп сақшылары шұғыл шаралардың барысында облысқа марихуана тасымалдауды жолға қоюшы — Қарағанды облысының тұрғыны екенін анықтады. Онымен байланыстағы адамдарды анықтау барысында Солтүстік Қазақстан облысының төрт тұрғыны ұсталды. Олардың бірінің баспанасына жүргізілген тінту нәтижесінде 120 килограмм есірткі тәркіленді.
Қазір ұсталғандардың бәрі қамауда отыр. Күдіктілердің бірі — аудандық полиция қызметкері.