СҚО әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, оған облыс әкімі Серік Біләлов қатысып, футболшылар мен жанкүйерлердің алдында сөз сөйледі.
«Бүгін біз Қызылжар өңірінде футбол маусымының ашылуына жиналып отырмыз. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев саламатты өмір салтын насихаттауға ерекше назар аударып отыр. Жыл сайынғы Жолдауында қазақстандықтар денсаулығын жақсартуы үшін спортқа тартылуы қажет екенін атап өтуде. Облысымызда бұл бағыттағы жұмыс мақсатты түрде жүргізілуде» — деп атап өтті облыс әкімі.
Жаңа футбол маусымына дейін жергілікті команда 3 оқу-жаттығу жиынын өткізді: екеуі Ташкентте және Сочиде. Команда 5 мықты ойыншымен толықты. Ал өткен жылы стадионға жанкүйерлердің келуі бойынша Петропавл қаласы бірінші орын алды.
Өңір басшысы биыл қызылжарлық футболшылардың жоғары деңгейде өнер көрсететініне сенімін білдірді. Облыс әкімі салтанатты шара барысында қаланың құрметті азаматы, футбол ардагері Александр Липовойға Азиада эстафетасына қатысушы сертификатын табыс етті. Кейін өңір басшысы допты ойынға қосу құрметіне ие болды.
ҚР Бірінші лигасының аясында өткен ойында Петропавлдың «Қызылжары» мен Семейдің «Спартагы» тең тарасты. Есеп 0-0.