Петропавлда газ бен нан бағасы қымбаттағалы отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлда газ бен нан бағасы қымбаттағалы отыр

Петропавлда газ бен нан бағасы қымбаттағалы отыр

15-желтоқсаннан бастап Петропавлда газ бен қалалық нан-бөлке комбинатында пісірілген бірінші сортты нан бағасы қымбаттағалы отыр. Облыстық табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаменті осындай шешім қабылдады.

  • 12 Желтоқсан 2003
  • 453
Фото - Caravan.kz

Департамент директоры Олег Пономаревтың KZ-today тілшісіне хабарлауынша, еліміз рыногындағы газ тапшылығына және оны босату бағасының қымбаттауына байланысты «Петропавл газ шаруашылығы басқармасы» ЖШС департаменттен газ бағасын қымбаттауға мұрсат беруді өтінген. Өтініште кәсіпорын бір кило газдың бағасын бірден 33 процентке қымбаттатуды сұрапты. Ал монополияға қарсы күрес мекемесі бағаны 24 процентке көтеруге рұқсат берді. Енді 15-желтоқсаннан бастап Петропавл тұрғындары бір кило газ үшін бұрынғы 42 теңгенің орнына 52 теңге төлейтін болады. Алайда, О.Пономаревтың айтуынша, бұл тек алдағы екі айға ғана кепілдендірілген баға, одан арықарайғы баға мұнай мен энергия көздерінің құнына байланысты болмақ.

Сондай-ақ, желтоқсан айының екінші жартысынан бастап облыс орталығын өз өнімдерімен 80 процент қамтамасыз етіп отырған қалалық нан-бөлке комбинатында пісірілген бірінші сортты нан бағасы да қымбаттайды. О.Пономаревтың айтуынша, нан бағасының қымбаттауы астық құнының шұғыл көтерілуіне байланысты. Өткен айда облыс әкімшілігі комбинатқа тұрақты бағамен бидай беруге мүмкіндік табуының арқасында нан бағасының қымбаттауына жол берілмеді. Ал қазір мүлдем дерлік пайдасыз жұмыс істеп тұрған кәсіпорын ауқымды шығынға ұшырауда дейді департамент директоры. Бірінші сортты бөлке нанның өзіндік құны 26 теңгені құрайды. Петропавл тұрғындары нанды дүкеннен осындай бағаға сатып алады. О.Пономаревтың айтуынша, алдағы уақытта нан бағасы 28-29 теңгеге дейін өседі, ал болашақ баға тағы да бидай бағасына бағынышты.

Соңғы жаңалықтар