Петропавлда инспекторлар тұрмысы төмен отбасыларды аралады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлда инспекторлар тұрмысы төмен отбасыларды аралады

Петропавлда инспекторлар тұрмысы төмен отбасыларды аралады

Ашқұрсақ бала, ақыл-есі жоқ ана! Петропавлда кәмелет жасына толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар бірінші қыркүйек қарсаңында тұрмысы төмен отбасыларды аралады. Балалардың киім-кешегі мен ас-суын тексерген олар осы жолы өздерімен бірге студенттерден  құралған еріктілерді де ертіп жүрді. Бірақ жағдайы нашар жандар оларды құшақ жая қарсы ала қоймады.

  • 12 Тамыз 2015
  • 287
Фото - Caravan.kz

34 жастағы Наталья ерікті жастарды  босағадан  аттатқан жоқ. Келіншектің ақыл-есі дұрыс емес. Сырқаты қозғанда, анасы мен үш баласын үйден қуып жібереді екен. Көршілеріне жиі қонатын үлкен ұлы мен қызы қазір уақытша бейімдеу орталығында. Үйде айналып жүретін жер жоқ. Мына пеште ас пісірілмегелі көп болғанға ұқсайды. Натальяның қолында қалған  кенжесін көрші-қолаң асырайды . 

Мына үйде кәмелетке толмаған үш  бала тұрады. 3 жасар кенжелері сәбилер үйінде.  Аналары-қаңғыбас. Сал болып қалған атасы мен  кішкентай інісінің ас суы мына қаршадай қыздың мойнында. Үйде тіске басар азық жоқ.  Немен екенін  белгісіз,  «түсте сорпа пісірдім»  дейді. 

Қақаған суықта жеңіл киініп жүретін балаларды аяйтын көршілері оларға  артық-ауыс киім-кешек әкеп береді екен. Алайда маскүнем шешелері оны араққа айырбастап,  ішетін көрінеді. Ал тәлімгерлерімен бірге жүрген мына жастар – болашақ тәртіп сақшылары. Олар мұндай сұмдықты бұрын теледидардан ғана көретін едік дейді. 

Айдана Кәрібаева, студент:

— Балаларға обал, енді полициямен келіп, балалардың жағдайын көреміз, тұратын жерлерін, не ішетінін не жейтінін балалардың тамақтары жоқ. Қыз бала болып жүрегім ауырады.

Мамандардың айтуынша, бұларды ата-аналық құқығынан айыру оңай емес. Ес жиған балалар интернатқа барудан бас тартпайды.  Ал шыңғырған сәбиді маскүнем анасынан айыру жүрегінде түгі бар жанның ғана қолынан келетін шаруа. Ал мына ерікті жастар тәртіп сақшысы болудың оңай еместігін осылайша көріп жүр. Сондықтан енді олардың бұл мамандыққа деген әуестігі арта ма, жоқ па, белгісіз. Бұлар тек жазғы демалыс кезіндегі уақытша қызметіне 25 мың теңге айлық алуда.  

Соңғы жаңалықтар