Петропавлда - көктайғақ - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлда - көктайғақ

Петропавлда - көктайғақ

Петропавлда кеше жауған қар қалалықтарға қолайсыздық әкелуді жалғастыруда. Сәрсенбі күні үшінші қалалық ауруханаға түрлі жарақаттар алған бірнеше адам шағымданды. 

  • 15 Қазан 2015
  • 310
Фото - Caravan.kz


«Таңертеңнен бері травматология пунктіне 5 петропавлдық азамат шағымданды. Сынық алған әйелге алғашқы көмек көрсетілді. Оған гипс салынып, үйге жіберілді. Екіншісі оқиға — одан ауырлау. Зардап шеккен әйел Бескөл ауылынан. Жұмысқа асыққан әйел құлап, аяғын қайырып алды. Оның жіліншігі сынып кеткен. Қалғандары денелерін ауыртып алған», — деп ақпараттандырды 3-ші қалалық аурухананың травматология бөлімінің меңгерушісі Валерий Грибашов.

Сондай-ақ таңнан бері Петропавл көшелерінде көліктер көктайғақ салдарынан сағатына 20 шақырым жылдамдықпен ғана қозғалған. Бірақ жол-көлік апатын болдырмау мүмкін болмады. Көп жүргізушілер көліктерінің жазғы дөңгелектерін қысқыға ауыстырып үлгермеді. Жарты күнде ғана 7 апат орын алған, дейді тәртіп сақшылары. Абырой болғанда, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. 
nullnullnull

Соңғы жаңалықтар