Петропавлда Ленинград қоршауын бұзудың 60 жылдық мерейтойына арналған шаралар өткізілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлда Ленинград қоршауын бұзудың 60 жылдық мерейтойына арналған шаралар өткізілуде

Петропавлда Ленинград қоршауын бұзудың 60 жылдық мерейтойына арналған шаралар өткізілуде

Петропавл қаласының әкімі Владимир Никандровтың шешімімен батыр-қала Ленинградтың айналасындағы қоршауды бұзудың 60 жылдық мерейтойына арналған шаралар өткізілуде. Мерейтой 27-қаңтарда атап өтіледі. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Петропавл қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Лариса Орловская хабарлады.

  • 23 Қаңтар 2004
  • 584
Фото - Caravan.kz

Қазір Петропавл қаласында тұратын 60-тан астам тұрғын Ленинград қоршауын бұзуға атсалысқан. Олардың арасында Петропавлда жасақталған атышулы 314-ші атқыштар дивизиясының жауынгерлері, көптеген ордендер мен медальдарды төсіне таққан Герасим Суворов және Марина Лобахина сынды адамдар бар. Ленинградты жау қоршауынан босатушылардың бірі Әбілмәжін Бәшіров қала әкімінің шешімімен жуырда жаңа пәтерге ие болды.

Петропавлдық тағы 21 тұрғын күйзелісті жылдарда қоршаудағы Ленинград қаласында тұрған. Бұл күндері қалалық денсаулық сақтау бөлімі әкімнің тапсырмасымен қоршау оқиғасына қатысушылардың денсаулығына байқау жүргізуде. Қалалық әлеуметтік қорғау басқармасы оларға матреиалдық көмек көрсету мәселесін шешіп жатса, қала әкімі В.Никандров 27-қаңтарда жеңімпаз-жауынгерлердің құрметіне салтанатты қонақасы бермекші. Қазір қаладағы мәдениет мекемелерінде кітап көрмелері, дөңгелек үстел мәслихаттары мен кинофильм көрсетілімдері күнделікті ұйымдастырылып жатса, мектептерде қоршауды бұзуға қатысушылармен арнайы кездесулер мен класс сағаттары өткізілуде.

Соңғы жаңалықтар