Петропавлда мемлекеттік бағдарламамен үй алғандар қызығын көре алмай жүр - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлда мемлекеттік бағдарламамен үй алғандар қызығын көре алмай жүр

Петропавлда мемлекеттік бағдарламамен үй алғандар қызығын көре алмай жүр

Петропавлда мемлекеттік бағдарламамен үй алғандар бір жылдан бері өз баспаналарының қызығын көре алмай отыр. Бес қабатты үйді тұрғызған мердігер құрылыс жұмыстарын шала атқарып, қашып кеткен. Бұған қарамастан әкімдік халыққа сапасыз салынған пәтерлерге «кіре беріңдер» депті. Енді жұрт не суы, не жарығы жоқ баспанада күнелтуде. Кейбіреулер үйіне кіре алмай да жүр.

  • 3 Қыркүйек 2015
  • 288
Фото - Caravan.kz

Мынау бүгінгі жаңбыр, бір сағат қана жауынның ішінде,  үш бөлмені  мінекей осылай суын ағызып кеткен….

Аққу Тыныбекова мына пәтері үшін «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде» үш жыл бойы айына 58 мың теңгеден жинапты. Толық салынып бітті деген пәтерінің сиқы мынау. Қисық орнатылған есік, терезені былай қойғанда, едендегі төсенішке дейін алмастыру керек.

Аққу Тыныбекова, Петропавл қаласының тұрғыны: 

— Бұның бәрін өзім істеймін. Маған келіп крышаны жауып берсеңіздер болды. Менде кішкентай бала бар. Қыста мен ертең соның бәрімен қиналып кетемін.

45 пәтерлік үй былтыр желтоқсанда берілуі тиіс еді. Алайда мердігер жұмысты шала-шарпы істеген күйі оны аяқтамастан қашып кеткен. Бір жылдан бері баспаналарын торуылдап жүрген мына тұрғындар әкімдікке де барған екен. Ондағылар «пәтер нөмірін білесіңдер, есігін ашып, өздерің  кіре беріңдер» депті. Бірақ халықтың қуанышы ұзаққа бармады. 


Конкретно скажите когда будет свет и вода…   

Атқамінерлер су мен жарықты бірнеше күннен кейін қосамыз деп уәде берді. Құрылыс компаниясымен арадағы текетірес салдарынан уақыт созып алғандарын олар мойындап отыр.  

Виталий Беспалов, «Петропавл тұрғынүй қызметі» ЖШС басшысы:

— Подрядчик его по суду признали… Мердігерді сотқа бердік. Сот оны «шала істеді» деп таныды. Енді барлық жұмысты әкімдік өз мойнына алып отыр. Басқа нысанда жүрген құрылысшыларды дереу осы үйге жұмылдырдық. Алдағы бір-екі аптада барлық олқылықтар толығымен жөнделеді.   

Тұрғындар біздің түсіру тобымызбен бірге келіп жеткен шенеуніктерді ұзақ күттік дейді. Онда да әдеттегідей көзбояушылыққа жол берілді. Яғни атқамінерлер ертіп келген құрылысшылар екі кештің арасында шатырды жөндеуге кірісті.

Соңғы жаңалықтар