Қазіргі таңда мұражайда 400-дей мұрағат жиналды. Көрермендер бұл жерден жүз жылдық икондарды да, студенттер қолымен жасалған бұйымдарды да таба алады. Олардың арасынан «Видергебург» неміс қоғамдық орталығы мұражайға сыйға тартқан Тәурат ең құнды мұрағаттардың бірі.
Жаңа мұражайға арналған мұрағаттарды студенттер мен оқытушылар жан-жақтан жинады. Кейбіреулер мұрағатты үйлерінен әкелсе, кейбіреулер неміс ұлты өкілдері тығыз қоныстанған ауылдардан жинап әкелді. Осындай сапарлар Солтүстік Қазақстан облысында тұратын немістердің тұрмыс-тіршілігі туралы көптеген қызғылықты жайттарды естіп-білуге мүмкіндік берген. Атап айтсақ, А.Мерктің айтуынша, облыстағы кейбір ауылдардың негізін 19-ғасырда Украина мен Поволжье жақтан ауып келген немістер қалаған көрінеді.
Студенттер мұражайға өздерінің тарихи модельдеу үйірмелерінде кітаптар мен журналдарға қарап жасаған ұлттық киімдер мен неміс үйлерінің үлгілерін әкелді. Мұражайда ұлттық мерекелерге арналған арнаулы бұрыш бар.
Этнографиялық мұражайдың ашылуы техникалық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамы өкілдігінің жетекшісі Антон Маттауштың Петропавлға келуімен орайластырылды. Бұл өкілдік 1998-жылдан бері 350 неміс жастарының техника-экономикалық білім беру кешенінде білім алуына демеушілік жасап отыр. Осы ұйымның арқасында оқу орны материалдық-техникалық базасын жаңалауға мүмкіндік алды. Тек биылдың өзінде өкілдіктің арқасында техника-экономикалық білім беру кешенінде лингафон кабинеті, қосымша копьютер классы мен техниалық зертхана ашылды.